Тағы бір адам құтқарылды
Каспий теңізінің жағалауында үш адам суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылғы 16 мамырда сағат 18:32-де Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында суға шомылу кезінде 4 адам суға батып кетті. Олардың біреуін оқиға куәгері құтқарып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді. Ал қалған үшеуі суға батып кетті", – делінген хабарламада.
Құтқарылған адам 1996 жылы туған, Бейнеу ауылының тұрғыны. Жағдайы қанағаттанарлық. Суға батып кеткендердің бірі 1999 жылы туған, Ақтау қаласының тұрғыны. Қалған екеуі Қарағанды қаласының тұрғындары. Сағат 19:58-де Қарағанды қаласының тұрғындарының бірінің жансыз денесі судан шығарылды.
ТЖ орнында Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 10 құтқарушысы және 2 бірлік техникасы, ТЖД 11 қызметкері, Апаттр медицинасы орталығының 3 дәрігері және 1 бірлік техникасы жұмыс жүргізуде.
Маңғыстау облысы ТЖД азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.