Қылмыскер 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды
Павлодар 2-ші қалалық соты жолаушы қызды зорлап, одан кейін тонаған Indriver такси қызметінің жүргізушісіне қатысты үкім шығарды. Қылмыскер 3,5 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыскер басында кәнісін мойнына алып, жапа шегушіге 100 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтемін ұсынған. Алайда тергеу амалдары барысында күдікті екеуінің қосылып, арақ ішкенін, бәрі екіжақты келісім бойынша жүзеге асқанын айтқан. Істің ақ-қарасы сотта ажыратылды.