$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.01.2020, 12:07
Оқиғалар

«Полициядан хабар жоқ». Алматыда депутатты тонаған ұрылар бір айдан бері табылмай отыр

Мәжіліс депутатының ашуын келтіргені – полиция қызметкерінің немқұрайлығы. Аzattyq-ruhy тілшісі телефон арқылы депутатпен сөйлесті

«Полициядан хабар жоқ». Алматыда депутатты тонаған ұрылар бір айдан бері табылмай отыр

Ирина Смирнова Алматы қаласында болған факті туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлаған. Депутат жазбасында ұрлықтың дәл қай күні, қай жерде болғанына емес, арыз қабылдауға келген полиция қызметкерінің «ұрлыққа етіміз үйренді» деген сыңайлы қылығына баса мән берген. Смирнова қоғамға полиция қызметкерлерінің өзі қылмыскер емес пе деген сауал қойған.

«Журыда мені тонап кетті. Алматының қақ ортасында». Көліктің терезесін сындырып, сөмкемді алып кеткен. Оның ішінде құнды ештеме жоқ еді. Құжаттарымды баяғыдан-ақ мойнымнан тастамайтын кішкене сөмкеге салып жүремін. Бірақ, көңілім құлазып, ренжідім. Әуел баста полиция шақырғым келген жоқ. Бірақ, жанымда тұрған адамдардың ақылына сүйеніп, полиция шақырдым. Олар өте тез келді. Келе сала айтқан сөздерін естіп, шалқамнан құлай жаздадым: «Несіне уайымдайсыз? Ұрлықшы болған, бар және бола береді де.  Енді не істе дейсіз?!». Сол жерде тұрыпа-ақ, «погоныңызды шешіп тастаңыз» деген ұсыныс айттым. Өйткені, погон оған, ал, қарапайым халыққа ол сияқты қызметші керек емес. Оны полиция қызметкері немесе аға лейтенант дей алмаймын», - деп жазған депутат «2леуметтік желідегі жеке парақшасына.

Ирина Смирнованың айтуынша, оқиға осыдан үш апта бұрын тіркелген.

«Маған бұл фактіге қатысты ішкі істер министрлігінен, Алматы қалалық полиция департаментінен ешкім телефон соққан жоқ. Тергеу, іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтқан жоқ. Бірақ, хабарласады деген үмітім бар, болмаса, Ішкі істер министрлігіне хат жазамын», - деді депутат Аzattyq-ruhy тілшісіне.

Ал, Алматы қаласының полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Смиронваның арызы 5-інші қаңтар күні тіркелген.

«2020 жылдың 5-қаңтарында азамат И.Смиронва ұрдлық фактісі бойынша арыз жазды. Арыз ҚР Қылмыстық кодексінің 188 банына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Жедел-тергеу тобы құрылып, оған аудандық деңгейдегі жедел қызметкерлерден ,асқа, қалалық криминалды полиция қызметкерлері енді», - деп хабарлаған Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Азаттық рухы порталы депутат пен Алматы полициясының арасындағы осы жағдайды назарда ұстайды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары