Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Анасы 13 жастағы қызын іздеп, полицейлер көмегіне жүгінген

Түркістан облыстық ПД

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді әлеуметтік желіде танысқан достарымен кездесуге кеткен жерінен тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ролиция департаментінің мәліметінше, Отырар аудандық полиция бөлімініне жергілікті тұрғын арызданып, таңғы уақытта ұйқыдан тұрған сәтте 13 жасар қызы орында жоқ екенін айтқан. Содан ұшты-күйлі хабарсыз болған қызын таппай жатқаны туралы полицияға хабарлама түсірген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден тіркеуге алды.

«Ақпарат алысымен отырарлық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жоғалған жасөспірімнің аман-есен табылуы үшін іздестіру шаралары атқарылды. Жас қыздың сыныптастарынан, жақын араласатын достарынан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде келіп түскен ақпарат көздері арқылы бірнеше сағат ішінде жасөспірімнің Шардара қаласында жүргені анықталды. Жедел уәкілдер оқушы қызды табу үшін Шардара қаласына арнайы барып, оны полиция бөліміне жеткізді», - делінген хабарламада.

Анықталғандай, жоғалған қыз Шардараға әлеуметтік желі арқылы танысқан дос қыздарымен кездесу кешіне барған.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға өзінің кәмелет жасына толмаған ұл-қызына мұқият болуды, бақылаусыз ескертеді.