Ұсталғандардан қару тәркіленді
Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен 5 қаңтар күні адамдар тобы болып Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорда қаласының үш тұрғынын ұстады.
Олар қамаққа алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр.