Алматы облысында көкпар ойынының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Автор: Azattyq Rýhy

Атқа мінген ашулы топ оқиғаны телефонға түсіруге тыйым салып, тіпті қорқытқан көрінеді

Алматы облысында көкпар ойынының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбадан Алматы облысы Қаскелең қаласының қақ ортасында көкпар тартып жүргендерді көруге болады.

Айналадағы жұртты шошытқан көкпаршылардың ашулы тобы көшеде тұрған көліктерді қасақана талқандап өтіп жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атқа мінген адамдар оқиғаны телефонға түсіруге тыйым салып, тіпті қорқытқан көрінеді.