Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Отбасының басқа мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған

 

Сатыбалды мен Боранбаевтың қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлын қамауда ұстау мерзімін бір айға ұзартты.12 мамырда сол сот Қайрат Боранбаевты да қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты», - деді  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифинг барысында.

Ұлан Сарқұлов отбасының басқа мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

Еске салсақ, 13 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны белгілі болды. Ол рейдерлік жолмен бизнесті басып алды деген күдікке ілінді. Ал 17 наурызда Боранбаев қамауға алынды. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі де ұсталып, оған қатысты рейдерлік жолмен бизнесті басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.