Жол апаты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 571- шақырымында болған
Жамбыл облысында 44 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған қоса түрлі жарақат алған 33 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Үш адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Жол апаты Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының маңында болған. Жаңбыр салдарынан жүргізуші көлік тізгінге ие бола алмай, алдында келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған.
Салдарынан жүргізушінің көмекшісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.