Қостанайда 12 жастағы баланы кран қағып өлтірді
Қайғылы оқиға бүгін, 11 мамырда сағат 15.00 шамасында болған

Қостанайда 12 жастағы баланы кран қағып кетті. Жасөспірім алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Костанайские новостиге» сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Чернышевский көшесінде бүгін, 11 мамырда сағат 15.00 шамасында болған.
«Автокранды басқарып отырған 49 жастағы жүргізуші реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан 12 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Жасөспірім алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісін немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз: Қостанайда прокуратура қызметкері суицид жасап көз жұмды
Полиция қызметкерлері тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.