Павлодарда жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды
Балықшының бірін әріптесі хабарсыз жоғалып кеткенін айтып, полицияға хабарлаған

Бір айдың ішінде екі адам суға кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Балықшының денесі табылғаны туралы бір сағат бұрын белгілі болды. Сондай-ақ 8 мамырда жоғалған Сағидолла Қиясовты да сүңгуірлер тапқаны туралы хабарлады... Біздің бүкіл командамыздың атынан туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», - деді «Vita» іздеушілер жасағы.
Еріктілердің айтуынша, 2022 жылғы 14 сәуірде Ақсу қаласының полиция бөлімшесіне ер адамнан оның әріптесі үш күн бойы байланысқа шықпағаны және жұмысқа келмегендігі туралы өтініш түскен.
Ер адам өз күшімен әріптесін досымен бірге іздеген, алайда үйінің ауласында автокөлік жоқ екенін көріп, Ертіс өзенінің ағынын – ЕЭК № 1 арнасын тексерген. Себебі жоғалған адам балықшы болған.
Ауылға барар жолда жоғалған ер адамның көлігі табылған. Екі ер адам өзенге түсіп, мұз үстінде ақ пластик шелек пен балық аулауға арналған чемоданды тапқан.