$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2022, 15:25
Оқиғалар

Қостанайда прокуратура қызметкері суицид жасап көз жұмды

Оның артында әйелі мен кәмелетке толмаған жас баласы қалды

Қостанайда прокуратура қызметкері суицид жасап көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда прокуратура қызметкері өзіне қол салып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Экспресс К» басылымының жазуынша, прокуратура қызметкерінің денесі қала шетіндегі орман алқабынан табылған.

«Қостанай қалалық прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Дегенмен өз-өзіне қол жұмсаудың егжей-тегжейлері әлі ашылған жоқ», - делінген хабарламада.

Қоғам мүддесі бөлімі қызметкерінің өзіне қол жұмсауына жеке басының мәселелері себеп болған деген болжам бар. Тінту кезінде оның көз жұмғанға дейін жазған хаты табылды.

Оның артында әйелі мен кәмелетке толмаған жас баласы қалды.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда колледж маңынан асылып тұрған жігіттің денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Алматыда оқушы қыз өз үйінің ауласында асылып қалған

Серіктес жаңалықтары