Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр
Павлодарда 84 жастағы қария төртінші қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлодар қаласындағы Павлов көшесіндегі үйдің жанынан 84 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол өзінің төртінші қабатта орналасқан үйінің терезесінен құлап кеткен", – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Экспертиза тағайындалды.