Ақмола облысында жас жігіт кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті қамауда отыр

фото: Polisia.kz

Ақмола облысының 19 жастағы тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.

6 мамырда кешкі сағат 17.45-те Целиноград ауданы Полиция бөліміне Талапкер ауылындағы үйлердің бірінің жанында жасы 26-ға жуық ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында Альфа лақап атты қызметтік итімен кинолог жіберілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік-іздестіру иттің көмегімен күдікті анықталды, ол осы елді мекеннің 19 жастағы тұрғыны, жәбірленушінің туысы болып шықты.

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды.

Тегтер: