Украинада театрдағы жарылыс салдарынан 600 адам қаза тапты
Мариуполь қаласынан тағы 344 бейбіт тұрғын эвакуацяланды
Наурыз айында ресей әскерінің Мариупольдағы театрға жасаған шабуылынан 600 адам қаза тапты. Бұл Associated Press ақпарат агенттігінің тілшілері жасаған зерттеудің нәтижесі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар тірі қалған 23 тұрғынмен сұхбаттасқаннан кейін осындай қорытындыға келіп отыр. Бұған дейін шаһар билігі 300-ге жуық адам мерт болды деп хабарлаған.
«Куәгерлердің айтуныша, бір ғана асхананың өзінде 100 адам болған екен. Олардың біреуі де тірі қалмаған. Жалпы жарылыс кезінде театрдың ішінде бір мыңға жуық адам болған. Бұған куәгерлердің ұсынған суреттері дәлел», - делінген хабарламада.
Тұрғындар ғимарат Украинаның әскери базасы болды деген Ресей мәлімдесесін жоққа шығарып отыр.
Осы Мариуполь қаласынан тағы 344 бейбіт тұрғын эвакуацяланды. Олар Украина күштерінің бақылауындағы Запорожье шаһарына жетті. Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Кеше шаһардан Запорожьеге 150-ден астам адам барған.
Украина басшысының айтуынша, Ресей тарапымен бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы келіссөз жалғасуда. Ақпаратқа қарағанда, Ресей күштері шараны жүзеге асыру үшін бүгіннен бастап 3 күн бойы шаһарда әскери қимылдарды тоқтататынын мәлімдеген. Бірақ Азовсталь зауытына бекінген Украина күштері өндіріс орнына шабуыл үдегенін айтады.
Ал ресми мәліметке қарағанда қалада қазір 100 мыңнан аса бейбіт тұрғын бар.