03.05.2022, 17:19
Оқиғалар
Шымкент тұрғынынан 22 келі марихуана тәркіленді
Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: Polisia.kz
Шымкент тұрғынынан 22 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент полицейлері есірткіні заңсыз сақтады және сатты деген күдікпен қала тұрғынын “Алаш” базарында ұстады.
Жеке тінту кезінде күдіктіден аяқ киім қорабына салынған бір келі марихуана тәркіленді. Сондай-ақ, оның пәтерін тінту кезінде балконнан дозаларға бөлек-бөлек салынған екі полиэтилен пакеттегі марихуана табылды. Жатын бөлмеден сол есірткі заты бар екі жол сөмкесі алынды.
Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы шамамен 22 келіні құрады.
Ұсталған азамат Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды