Әлеуметтік желіде көз жұмған баланың туыстары түсірген видео тарап кетті
Алматы облысына қарасты Іле ауданындағы картинг орталығында 10 жастағы бала мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Іле ауданындағы картодромда болған. Жеткіншек карт машинасын басқарып келе жатып, пластмасса юөгеттерді бұзып өтіп, жол бойында тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған.
«Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жеткіншек мінген картты оның артынан келе жатқан карт қаққан. Соның инерциясымен жарыс машинасы қоршаудан бұзып шыққан. Бала оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиға орнында Іле ауданы полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Әлеуметтік желіде көз жұмған баланың туыстары түсірген видео тарап кетті.