Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады
Алматы қалалық соты танымал вайнерлер Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаевты екі айға қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тергеу сотының шешімімен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту туралы санкция берілді», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін 20 сәуірде Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынған болатын. Сәуірдің 19-ы күні кешке Мейіржан Төребаевтың Алматы полиция департаментінде Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша жауап алынып жатқаны туралы ақпарат жарияланды.
Оқи отырыңыз: «Намазхан болғаны үшін сендік»: Алматыда қаржы пирамидасына алданғандардың алды 85 млн, ең азы 700 мың теңге ақша салған
Кейін Алматы ДП Mudarabah Capital қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынғаны хабарланды.