Зардап шеккендер құм қабатының астында шамамен 6-7 минут жатып қалған
Павлодарда үш метр тереңдікте құм басып қалған ер адамның жағдайы ауыр. Ол Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада емделуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір күн бұрын құм басып қалған 45 жастағы ер адам әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.
"Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Науқастың тыныс алуы үшін оған интубация, компьютерлік томография жасалды және қайта талдаулар жүргізілді", - деді басқармада.
Естеріңізге сала кетейік, екі ер адам үш метрлік шұңқырда құмның астында қалып қойған. Олар сумен жабдықтау үшін траншея төсеп жатқан болатын. Куәгерлер оларды қазып алып шығып, кейінірек құтқарушылар қосылды. Зардап шеккендер құм қабатының астында шамамен 6-7 минут жатып қалған.