28.04.2022, 13:24
Оқиғалар
Екібастұзда жүк вагонының төбесінен құлаған екі жұмысшы ауруханаға түсті
Аталған фактілер бойынша сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізіліп жатыр
Фото: Inform.kz
Екібастұзда жүк вагонының төбесінен құлаған екі жұмысшы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуір күні ЖШС-нің бірінде 43 жастағы ер адам жүк вагонының төбесінен құлап кеткен. Жарақат алған зардап шегуші Екібастұз ауруханасына жатқызылды.
"Тағы бір жазатайым оқиға қаланың басқа кәсіпорнында орын алды. 27 сәуір күні сағат 11.30-да 37 жастағы ер адам аяқ жарақатымен ауруханаға түсті. Зардап шегуші қала кәсіпорындарының бірінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып жұмыс істейді", - дейді департаментте.
Экскаваторды жөндеу кезінде қосалқы бөлшектердің бірі зардап шегушінің аяғына құлаған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды