$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2022, 10:58
Оқиғалар

Алаяққа 1,5 мың еуросын ұстата салған петропавлдық зейнеткер полицияға арызданды

Алаяққа 1,5 мың еуросын ұстата салған петропавлдық зейнеткер полицияға арызданды
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда 75 жастағы зейнеткер 1,5 мың еуросын алаяқтың қолына ұстата салған. Алданып, бар жиғанынан айрылған қала тұрғыны полицияға шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жапа шегуші қаражатын шетелдік валютада сақтаған. Сәуір айының басында зейнеткер өз қолымен 1,5 мың евроны алаяққа беріп жіберген. Күдікті әжейдің өзінің Ресейде тұратын туысы ретінде хабарласып, ақша сұраған. Алданып қалғанын түсінген зейнеткер полицияға арызданды.     

«Полицияға жүгінгеннен кейін екінші күні жедел уәкілдер хабарласып, күдіктінің ұсталғаны және жоғалған ақшамды тапқаны туралы қуанышты хабар жеткізді. Маған қоңырау шалып, ақшамның табылғаны және алып кетуіме болатыны туралы естігенде қатты таңғалдым. Мен құқық қорғау органына жүгінгелі тек бір жарым тәулік өткен еді. Алғысым шексіз», - дейді зейнеткер. 

Телефон арқылы жапа шегушіге хабарласқан алаяқ өзін оның жиені ретінде таныстырған және Ресейде коронавирустың Омикрон штаммы таралуына байланысты қабылданған  шектеулерге байланысты қаржыдан қиналып жүргенін айтқан. Егде жастағы әйел бірден келісіп, өзінің мекенжайын айтып берген. Алаяқ ақшаны досының алып кететіні туралы айтқан. Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықовтың айтуынша, күдікті бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет істі болған Қарағанды қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Петропавлға жеке шаруасымен келген. Ол қызметтік тергеу кезінде ұсталды. Полицейлер телефонмен бөгде адамдармен сөйлескенде әсіресе, ақша туралы сөз қозғалса, аса сақ болу қажеттігін, өздерін банктің қауіпсіздің қызметінің мамандары ретінде таныстырған адамдарға сенуге болмайтынын ескертті. 

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары