Зерттеу қорытындысына сәйкес, алынған өсімдік сора болып шықты
Түркістан облысының полицейлері ауласына есірткі еккен тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Хабар алысымен төлебилік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, күдікті ер адамның ауласынан 5 литрлік бөтелкеге өсірілген үш есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, алынған өсімдік сора болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды.