Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Шығыс Қазақстанда көлік ұрысы қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сәуір айының басында Шемонаиха ауданының ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері Шемонаиха қаласы Болашақ-Герцен көшелерінің қиылысында ұрланған Mercedes автокөлігін тапқан. Аталған көліктің жанында 27 жастағы қала тұрғыны тұрған.
Тексеру барысында ер адам 51 жастағы тұрғынның үй ауласына қойған көлікті ұрлап кеткені анықталды. Сондай-ақ, қаскөй осыған дейін дәл осындай қылмысы үшін сотталып, 2019 жылы бес жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Ұсталған азамат қамауға алынды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.