Нұр-Сұлтанда 25 келі гашиш сақтаған ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр 

Елордалық полицейлер қала аумағында аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу арнасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлады Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген ұзақ мерзімді арнайы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде елорданың 39 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Кинологиялық қызмет орталығының иттерінің көмегімен “Мирный” гараж кооперативінен полиэтилен қап тапты. Оның ішінде “гашиш” есірткі заты болғандығы анықталды. Сатуға дайындалған заттың салмағы 25 келіні құрады.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Акбаровтың айтуынша, бұл жағдайда тәркіленген есірткі құралдарының саны есірткіні тұтыну үшін 5000 бір реттік дозаны құрайды, олардың құны “қара нарықта” 30 миллион теңге болушы еді. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Күдікті өз кінәсін мойындады. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдар анықталуда.