Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер бар
Семейде маршруттағы автобус жол-көлік оқиғасына түсті, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 24 сәуірде сағат 13:00 шамасында болды. Автобус Волгоградская көшесі бағыт алып, бұрылыс маневрін жасау кезінде жүргізуші қауіпсіздік аралығына көз жеткізбей Mercedes-Benz маркалы көлікке соқтығысты.
Аталған факті бойынша 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге мәліметтер ҚР ҚӘК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Полиция департаментінде зардап шеккендердің саны айтылмады.