Шымкент қалалық полиция департаментінің бұрынғы бастығы қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр

 
Фото: tengrinews.kz

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық ПД жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізуді қолға алды», - делінген  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хабарламасында.

Агенттік өкілдері осы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

«Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада