Тараз тұрғыны танысын 2 млн теңгеге алдап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр 

Фото: Inform.kz

Тараз тұрғыны танысын 2 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

15 сәуірде Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны полицияға жүгінеді. Шағымында ол танысының үй сатып алуға көмектесемін деген сөзіне сеніп, оған банктен 2 млн теңгеге жуық несиені ресімдеп алып бергенін көрсеткен. Ақшаны алған танысы жасырынып жүреді, содан кейін мүлдем байланысын үзеді. 

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. 

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.