Зейнетақы мен жәрдемақы ұрланған: Қарағандыда қарттар үйінің басшысы қамалды

Автор: Azattyq Rýhy

 Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы – мүгедек, 60-ы – зейнеткер.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды ​​облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген агенттік хабарламасында.

Қарағанды ​​облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді.