Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді
Павлодарда белгіленбеген жерден өткен әйелді көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Абай - Естай көшелерінің қиылысында тіркелген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуір күні сағат 13:40-та «Lada Granta» автокөлігінің 71 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен 40 жастағы әйелді қағып кеткен.
"Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деді департаментте.
Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.