Көкшетауда студент университет терезесінен секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ауруханаға жеткізілді

Фото: видеокадр

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің екінші курс студенті оқу орнының алтыншы қабатынан секіріп кетті. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі baigenews.kz-ке сілтеме жасап.

ЖОО бұл ақпаратты растады. Оқиға үзіліс кезінде болған. 

«Студент терезені сындырып, артынша секіріп кеткен. Қасындағы адамдар оны ұстап қалуға тырысқанымен, бұдан еш нәтиже шықпады», - дейді университет өкілдері. 

Университет өкілдерінің айтуынша, студент «Экология» мамандығы бойынша екінші курста оқиды. 

Полиция департаменті мен Денсаулық сақтау департаменті оқиға туралы толық ақпарат кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.