Қызлордада 5 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
16 сәуір күні қала тұрғыны Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп, меншік үйдің ауласында тұрған жалпы құны бес млн теңге тұратын құрылыс заттарын ұрлап кеткені жөнінде арызданған.
«Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында тәртіп сақшылары 45 жастағы қала тұрғынын ұстады», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.