Жол апатынан зардап шеккен жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді
Екібастұзда слесарь жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы 18 сәуір күні М.Жүсіп көшесіндегі 46-шы үйдің тұрағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 45 жастағы техникалық қызмет көрсету орталығының слесары қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, басқару пультінен жылдамдық режимінде тұрған «Фольксваген Пассат» автомашинасын іске қосқан.
Салдарынан 1957 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол апатынан зардап шеккен жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.