Полицейлердің айтуынша, зардап шеккендер жоқ
23 қаңтарға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының нашарлауына байланысты 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғаларынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Тәртіп сақшылары ауа райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының қозғалысы үшін жекелеген жол учаскелері жабық екенін ескертуде.
Полицейлер елорда тұрғындарынан патрульдердің талаптарын орындауды, жеке көліктерді жаяу жүргіншілер жүретін жерлерге қалдырмауды және қар жинау техникасына кедергі келтірмеуді сұрайды.