Болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары басталды
Павлодарда жазасын өтеушінің қатаң режимдегі колониядан қашу әрекеті әуеге оқ ату арқылы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«16 сәуір күні сағат 12:30 шамасында Павлодар қаласындағы ҚАЖі-24 мекемесі учаскелерінің бірінде жазасн өтеп жатқан азамат бақылаушылар жолымен ішкі тыйым салынған аймаққа кіріп кеткен. Сотталушының қашып кетпек болған әрекетін байқаған сақшы оны тоқтатпақ болып ескерту жасаған және дабыл түймесін басқан», - делінген хабарламада.
Осыдан кейін сақшы болған жайтты дереу қарауыл бастығына баяндап, ескерту оғы ретінде әуеге атады. Сотталушыны кезекші топ ішкі шектеу аймағында қолға түсірді.
«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары басталды. Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және ҚР Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің командирімен бірлесіп қызметтік тергеу басталды», - делінген хабарламада.