«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Марат Пірінбеков екі ай мерзімге қамауға алынды

Фото: salamnews.org

Алматыда «Almaty SpetsTechParking Service» ЖШС директоры Марат Пірінбеков екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

«Принбековке қатысты сот екі ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұрын таңдалған бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

14 сәуірдк Алматыда «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаевтың қамауға алынғаны хабарланды.

 
Тегтер: