Оралда 36 жастағы әйел күйеуін өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 20 қаңтарда болған

Фото: ашық дереккөзден

Оралда туыстарының үйіне қонаққа барып келгеннен кейін ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде әйелі күйеуін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Оқиға 20 қаңтар күні түнгі сағат 02.00 шамасында болды. Туыстарының үйінен қонақтан келген ерлі-зайыптылар мас болған. Екеуі жанжалдасып қалғаннан кейін 36 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтірген», - дейді ПД өкілдері. 

Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.