Павлодарда монтаждаушы бес метр биіктіктен құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен азамат қазір ауруханада жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда монтаждаушы бес метр биіктіктен құлап кетті. Жазатайым оқиға 13 сәуір күні сағат 09.00-де АҚ-ның бірінің аумағында орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 жастағы монтаждаушы жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 5 метр биіктіктен құлаған.

Салдарынан жарақатпен ауруханаға жеткізілді.