Ұшақ бортында 171 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған
Алматы әуежайының электронды поштасына Минскіден ұшып келген ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшақ бортында 171 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған.
Ұшақтардың ұшып келуі туралы онлайн-таблоға сәйкес, әуе кемесі таңғы сағат 3.59-да әуежайға қонған.
Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметі жарылғыш зат туралы ақпарат түсе салысымен, төтенше жағдай жоспары бойынша кешенді тексеру жүргізілген.
«Әуе кемесіне «бомба» қойылды деген ақпарат түсе салысымен төтенше жағдай жоспары бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Ақпарат расталмады. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - делінген ақпаратта.