ШҚО-да марал атқан браконьер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

ШҚО-да «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында маралды атып алған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың наурыз айының басында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алтай ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы Бұқтырма су қоймасы Гладковск шығанағындағы Жаңа Бұқтырма кенті тұрғынының басқаруындағы «Mazda» көлігін тоқтатты. Көліктің жүк салғышында жабайы маралдың ұшасы табылды. Сондай-ақ, көліктегі жолаушыдан «ВПО 208л» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық карабині тәркіленді.

«Жауап алынған 61 жастағы ер адам бұл аңды аулауға тыйым салынғанын біле тұра, заң бұзушылыққа барған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.