Павлодар облысында биіктен құлаған балаға ота жасалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жеткіншектің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр

Фото: pavlodarnews.kz

Бүгінгі таңда жасөспірім қажетті ем алуда, бірнеше кезеңде хирургиялық емдеу жоспарлануда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жеткіншектің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«2008 жылы туған бала 9 сәуір күні көптеген жарақаттармен жеткізілді. Жедел медициналық көмек қызметкерлерінің айтуынша, бала қараусыз қалған ғимараттан сағат 19:30-да құлаған. Отоларингологиялық бөлімшеге жабық бас миының жарақаты және мидың шайқалуы, төменгі жақтың сынуы диагнозымен жатқызылды. Дененің және аяқтың көгеруі тіркелді, - деді басқармада.

Баланың қолына операция жасалған, енді жағына жасау жоспарланып отыр. 

Еске сала кетейік, Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде  жасөспірім 10 метр биіктіктен құлап кеткен.