Павлодар облысында Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді» делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта біріккен тергеу-жедел тобы құрылып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.  Тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жарияланбайды.