Бұл ақпаратты аудан әкімдігі растады
Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Talgarnews.kz басылымының жазуынша, ақпаратты аудан әкімдігі де растаған.
Шығарылған бұйрыққа сәйкес Барлық Төреханов тергеу жұмыстары аяқталғанша қызметінен босатылды
«Тергеу ісінің басталуына әкім орынбасарының қаңтар оқиғасы кезінде аудан бойынша кезекші ретіндегі жауапты жұмыс орнын тастап кетуі себеп болды», - деді әкімдік өкілдері.
Барлық Төреханов Алматыға жақын орналасқан Тұздыбастау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтеріне жауапты болған.
Айта кетсек, 5 сәуірде Талғар қаласының әкімі Қайрат Исабаев өз еркімен қызметінен кеткені белгілі болды.