$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2022, 14:26
Оқиғалар

Павлодарда фармацевт қателігінен уланған баланың жағдайы белгілі болды

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Павлодарда фармацевт қателігінен уланған баланың жағдайы белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда фармацевтің қателігінен уланған баланың жағдайы белгілі болды. Бүгінгі таңда дәрігерлер баланың жағдайы жақсы, қанағаттанарлық, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілген.      

Баланы 11 наурызында педиатр қарап, күніне 2 реттен - таңертең/кешке «Ампициллин» 250 мг тағайындаған. Алайда дәріханада «Ампициллиннің» орнына «Амитриптилин» берген. 

"Анасының айтуы бойынша балаға «Амитриптилин» 25 мг таблетка берген.  11 наурыз күні - 1 таблетка, кешке сағат 23:00-де - 2 таблетка және 12 наурыз күні  таңертең 3 таблетка ішкен. Кешке қарай бала әлсіреп,  ұйықтай берген, құсу және  құрысу белгілері байқалмады. Ауруханаға түскен кезде интоксикацияға байланысты жағдайы орташа ауыр болды. Қабылдау бөлімшесінде асқазанды шаю жүргізілді", - дейді басқармада. 

Бүлдіршін 2022 жылы 13 – 18 наурыз аралығында облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесінде стационарлық ем қабылдаған. 

Еске сала кетейік, қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 2019 жылы туған балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Алайда бала дәріні қабылдағаннан кейін өзін нашар сезініп, құса бастаған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 317-бабы – «медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары