40 жастағы ақтөбелік азамат ауруханада көз жұмды
Ақтөбеде белгісіз біреулер көптеген пышақ жарақатын алған 40 жастағы азаматты аурухананың жедел жәрдем көлігі тұрағына тастап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПД хабарлауынша, ер адам аурухананың жедел жәрдем бөлімінде есін жимастан көз жұмған.
«Аталған іс бойынша үш күдікті ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Сонымен қатар адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді ПД өкілдері.