Ұсталған азаматтың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды
Алматы әуежайында көлік полицейлері 1997 жылы туған ер адамды әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тексеру кезінде жалаңаш азаматтың 6 сәуір күні сағат 00:10-да Алматы әуежайының жергілікті ұшу терминалының жанындағы қоршаудан өтіп, кейін ұшу-қону жолағына қарай жүгіргені анықталды. Сол жерде оны Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қолға түсірді», - деп хабарлады полиция.
Ұсталған азаматтың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша бірден үш әкімшілік: ҚР ҚК-нің Ұсақ бұзақылық және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Әуежайлардың, аэродромдардың аумағына рұқсатсыз өту баптары бойынша хаттама толтырылды.
Әкімшілік материалдары сотқа жолданды.