Ақтөбе облысында қоқыс полигонына қаңғыбас иттердің өлігін үйіп кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Облыстық әкімдік өкілдері осы оқиғаға қатысты түсінік берді

 

Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысына қарасты Бадамша ауылының тұрғындары ит өліктерінің ашық даладағы қоқыс алаңына тасталғанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі diapazon.kz басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті ветеринария басқармасының мәліметінше, Бадамша ауылындағы қаңғыбас иттерді Қарғалы аудандық ветеринариялық станциясының қызметкерлері аулаған.

«Қарлы боран салдарынан мал қорымына баратын жол жабылып қалды. Сондықтан жануарлардың өлігін уақытша қоқыс полигонына тастауға тура келді. Келесі күні, жол тазартылған соң мал қорымына жеткізілді, барлығы ветеринарлық-санитарлық нормаларға сай жасалды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің ахуалдық орталығы өкілдері.