Ол күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша талап еткен
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуроры күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін пара талап еткен. Бұл туралы қалалық прокуратураның 2019 жылды қорытындылау бойынша өткен брифингте Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Манас Сабаншиев мәлімдеді.
«Біздің (прокуратураның) ішкі тергеу тобымыз бар. Олар қатарымыздағы заң бұзышылықтарды, пара алу фактілерін анықтап отырады. Олар келіп түскен арыз бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры азаматты қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында алаяқтықпен 150 мың теңге алғанын анықтаған. Арнайы прокурорлармен ұсталып, сотталды», - деді ол.
Аудандық прокурор 2019 жылы жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Сотталған прокурордың аты-жөні, оның қылмысына байланысты шыққан сот үкімі жайлы толық ақпаратты анықтау үшін қалалық сотқа сауал жолдадық.
Арай Есенбек, Шымкент