БҚО-да 33 жастағы әйелді өлтірген ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

БҚО-да 33 жастағы әйелді өлтірген ер адам ұсталды

БҚО-да ер адам 33 жастағы әйелді өлтірген. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Орал қаласының тұрғыны “ізін суытпай” ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz

Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша кісі өлтіру спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан болған.

Оқиға Деркөл ауылында болған. 33 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды. Қабылданған шаралар бойынша “ізін суытпай” 36 жастағы ер адам ұсталды. 

Бірлесіп ішімдік ішу кезінде күдікті мен марқұмның арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Ұрыс барысында ер адам әйелді өлтірген.  

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.