Әуеде соқтығысқан екі ұшақ күріш алқабына құлаған
Оңтүстік Кореяда екі ұшақ соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Хабар24".
Yonhap агенттігінің мәліметінше, апат Сеулден оңтүстікке қарай 300 шақырым жердегі Сачхон қаласында болған.
Оңтүстік Корея ӘӘК-ке тиесілі екі КТ-1 ұшағының соқтығысуынан үш адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды.
Әуеде соқтығысқан екі ұшақ күріш алқабына құлаған. Оқиға орнында 30-дан астам құтқарушы мен өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Билік оқиғаның себеп-салдарынан тексеруге кірісті.