Сәуле Вайсова үйінен шығып кетіп, сол бойы оралмаған
Ақсуда төрт күннен бері хабарсыз кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Сәуле Вайсова 4 күн бұрын үйінен шығып кеткен, содан бері туыстары мен достары оның қайда екенін білмейді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Ақсу қаласында 4 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен әйел адам іздестірілуде. Хабар-ошарсыз кеткен азаматша туралы ақпарат түскен кезде еріктілер бірден оның отбасымен бірге іздестіруге кірісті. Оның болуы мүмкін орындар пысықталуда, бағдарлау парақшалары жабыстырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен жақын маңдағы дүкендерден сұрастырылды. Өкінішке орай, әзірге нәтиже жоқ", - дейді «VITA» іздеушілер жүйесінде.
Еріктілер егер де Сәуле Вайсованы көргендер болса, дереу келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды:
+7 (747) 615 55 63 Катерина
+ 7 (777) 334 82 01 Светлана.