01.04.2022, 00:31
Оқиғалар
Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйел адамды қағып өлтірді
Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды
Фото: ашық дереккөзден
Полиция екі қылмыстық бап бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
29 наурызда сағат 21:00-де Ақтоғай ауылында 55 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі 56 жастағы ауыл тұрғынын қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Құқық бұзушы оқиға орнынан қашып кеткен.
«Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды. Көлік айып тұрағына қойылды. Сараптама қорытындысы жүргізушінің сау екенін көрсетті», – деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жол-көлік оқиғасын жасау және ЖКО орнын қалдыру фактісі бойынша құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды